Енді Қазақстандықтар үшін несие алу қиындай түспек. Яғни, несие өтеу мерзімін кешіктірген борышкерге тұтынушылық несие алуға тыйым салынуы мүмкін. Себебі, халықтың банк алдындағы қарызы 18 триллионға жеткен. Әзірге бұл Парламентте қаралып жатқан заң жобасы ғана. Алайда бұл халықты елең еткізіп, қоғамда қызу талқыға түсуде. Ендеше аталған құжатқа түркістандықтардың көзқарасы қалай? Бұл заң несие әлегіне шырмалып жүргендерге қаншалықты көмектеседі? Тілшіміз Назым Қайратқызы зерттеп көрді.