Түркістан облысының имамдары біліктілігін арттырып жатыр. Олар деструктивті ағымдардың қазіргі кездегі көріністерін айғақтайтын семинар аясында ілім алуда. Оған аймақтағы аудан, қалалардың бас имамдары мен теолог-мамандар қатысуда. Семинар барысында ел ішіне лаң салатын діни әдебиеттерге қарсы иммунитет қалыптастыру жайлы сөз болды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары да қатысты. Бейсен Дәулетұлы Түркістан қашанда қазақ руханиятының қазығы болғанын тілге тиек етті.