Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттері енді Индонезияда білімдерін шыңдай алады. Бұл туралы Түркістанға арнайы келген Индонезия республикасының Қазақстан және Тәжікстандағы елшісі Мохамад Фаджроэль Рачман айтты. Сондай-ақ, елші Индонезия туралы тың ақпараттармен бөлісіп, Қазақстанмен өзара байланысына тоқталды.