Кентау қаласында жаңа кәсіпорындарды ашу үшін индустриалды аймақ құрылған. 39 гектар аумақ автокөлік жолдары, электр энергиясы, ауыз су, кәріз жүйелерімен қамтамасыз етілген. Жалпы құны 4 млрд. теңгеге 11 жоба орналасқан, 270 жұмыс орны ашылған. Қалада шағын және орта бизнес те дамып келеді. Соңғы 3 жылда 13 пайызға өсіп, 24 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Сондай-ақ биыл Кентау қаласында қосымша 512 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген.