Жылдық жоспардың небәрі 52 пайызы ғана орындалды. Жыл соңына дейін негізгі капиталға ең кемі 18,5 трлн теңге инвестиция тарту қажет. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайлов Инвестициялық штаб отырысында ескертті. Кездесуде 8 ай ішінде негізгі капиталға инвестициялар тарту қарқыны және ірі инвестициялық жобалар туралы айтылды. Айта кетсек, негізгі капиталға салынған инвестиция бойынша ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысына тиесілі. Өңір есепті кезеңде белгіленген жоспардың тек 54%-ын ғана орындаған.