Халықаралық форумға отандық және шетелдік кәсіпкерлер, ірі инвесторлар мен экономистер келген. Жиынға қатысушылар Түркістандағы өнеркәсіптік алаңдарды аралады. Түркия мен Өзбекстаннан және еліміздің басқа облыстарынан келген инвесторлар өндіріс орындарымен танысты. Әрі нысандардың инвестициялық мүмкіндіктеріне баға берді.