Бүгінде Түркістан облысындағы мешіттерде мыңнан астам діни қызметкер бар. Енді рухани шаһардан имамдардың білімін жетілдіретін ислам институты ашылады. Нысанда дәрісхана, кітапхана мен асхана ашу жоспарланып отыр. Ал, жатақханасы 120 орынға арналған. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының кездесу барысында айтылды.