Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам және дәстүр құндылығы» тақырыбында республикалық конференция өтті. Жиын барысында былтыр атқарылған істер сараланып, қорытындыланды. Сонымен қатар дін өкілдері бас қосқан жиында мүфтият бекіткен басқа да жобалар пысықталды.