Үй жануарларына қатысты жаңа талап. "Үй жануарларын ұстау және серуендету" ережелеріне сәйкес, енді азаматтарға ит пен мысығын зарарсыздандыру міндеттелуі мүмкін. Ит пен мысықтың көбеюіне тыйым салатын жаңа талап түркістандықтардың көңілінен шықпаған сыңайлы. Себебі, қалада үй жануарларын стерилизациялайтын бірде-бір мекеме жоқ. Жаңа ережені орындау үшін Шымкентке баруға тура келеді екен. "Бұл қалтамызға салмақ салады", - дейді, түркістандық тұрғындар.