Италияның оңтүстігіндегі Лампедуза аралына бір күнде 7 мың босқын келген. Ливияда төтенше жағдай болып, жүзіп өтуге мүмкіндік болмағандықтан, мигранттар Тунистен аттанған екен. Қызыл крест ұйымының мәліметінше, 7 мың босқын 120 кемемен келген. Қазір оларға түрлі үкіметтік емес ұйымдар көмектесіп, Италияның құрлықтағы бөлігіне тасымалдап жатыр. Десе де, үкіметтің оларды қабылдауға зауқы жоқ. Көршілес елдер де, бірден шұғыл шара қабылдаған. Франция мен германия Италиямен шекараны жауып тастапты.