Жетпіс жылдық шиеленіс оты қайта тұтанды. Израиль соғыс жағдайын жариялады. Бұған сенбіде ел аумағына Хамас қарулы тобы еніп, шабуыл бастауы себеп. Қарулы топ құрлықтан, теңізден және әуеден парапландармен енген. Хамас тобының командирі Моххамед Деиф әскери операция басталғанын мәлімдеп, палестиналықтарды күресуге үндеді. Айтуынша, Газа секторынан Израиль аумағына 20 минутта 5 мыңдай ракета ұшырылған. Соңғы мәліметтерге қарағанда, атыс-жарылыстардан Израильде 250 адам қаза тапты. 1 млн 800 мың адам жараланды. Бұған қоса Хамас мүшелері әскерилер мен бейбіт тұрғындарды кепілге алып, оларды Газа секторына алып кеткен. Ал Израиль қарулы топтың әрекетіне жауап ретінде «Темір қылыштар» атты операция бастап, әуеден оқ жаудырып жатыр. Одан Палестина жағында 230 адам мерт болып, мыңнан астамы зардап шеккен. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газа тұрғындарын қаладан тез кетуге үндеді.