Шардара ауданында алаяқтықпен айналысып келген жалған нотариус анықталды. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру барысында 39 жастағы ер адамды ұстады. Сондай-ақ ол бұған дейін де сотты болған. Ал, бұл жолы күдікті тұрғындарға өзін нотариус қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушілерге 1 миллион теңге шығын келтіргені анықталды.