2025 жылдан бастап елімізде әскери қызметтің жаңа түрі енгізілмек. Денсаулығында кінәраты жоқ, әскерге жарамды азаматтар тұрғылықты жері бойынша ерікті түрде резервтегі әскери қызметке шақырылады. Парламент Мәжілісінің депутаттары жалпы отырыста осы мәселеге қатысты «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.