"Қатон-Қарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарына көңіл бөлінеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдағы сөзінде айтты. Бұған арнайы дайындық қажет. Қажетті есеп-қисабын жасап, қаражатымызға, бюджеттің мүмкіндігіне қарауымыз керек. Тиісті жұмыстың бәрін биыл аяқтап, алдағы екі жылдың ішінде осы үш ауданды қалпына келтіре бастаймыз. Жалпы, аудандарды қосу немесе тарату ондағы жұрттың күнделікті өміріне тікелей әсер етеді. Шешім қабылдаған кезде халық саны, экономикалық әлеуеті, инфрақұрылымы түгел ескерілуі тиіс", - деді Мемлекет басшысы.