Түркістан облысында жаңа жыл қарсаңында 102 жедел желісіне 232 хабарлама түскен. Өңір тұрғындарының қауіпсіздігі үшін 1 200 ден астам сақшы жұмыс істеді. Сондай-ақ тағы 1 500-ден астам бейне бақылау камералары жіті қадағаланды. Ал, 63 мыңнан астам тұрғыны бар Созақ ауданында 102 жедел желісіне мүлде хабарлама түспеген. Айта кетсек, облыста мереке түні оқыс оқиғасыз, адам шығынынсыз тыныш өтті.