Сауран ауданы, Ойық елді мекенінің тұрғындары енді тіршілік нәрінен тарықпайды. Ауылда 40-тан астам шаңырақ, 250-ден астам тұрғын бар. Талай жылдан бері ауыл халқы ауыз су мәселесін айтып, шағымданып келген. Енді, міне, «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында әр үйге құбыр тартылып отыр.