Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы жаңа кітапханамен толықты. Осылайша өңірдегі мәдени білім ошақтарының саны 25-ке жеткен. «Ашық әкімдікте ашық кітапхана» жобасы аясында ашылған мекемеде 450 оқулық бар. Мұнда бір мезетте 10-ға жуық оқырман өз уақытын білімге арнай алады. Айта кетсек, Отырар ауданындағы тұрақты оқырмандар саны 25 мыңға жуықтаса, оның 12 мыңы жас жеткіншектер. Аймақтағы кітапханаларындағы оқулықтар саны 300 мыңға жуық.