«JANA LEP». Түркістанға қызмет етуге келген талант иелері осылай аталады. Бұған дейін «Конгресс холл» көпсалалы кешеніне қосымша мәдениет қызметкерлерін алу үшін 100 штат бірлігі берілген болатын. Нәтижесінде арнайы кастинг жарияланып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген дарын иелеріне жаңа мүмкіндік берілді. Жаңа серпін алып келген, жаңа леп кімдер? Мерей Асылханова тарқатып айтады.