«Алдымызда ұлттық экономиканы сапалы әрі қарқынды дамыту деген өте маңызды міндет тұрғанын терең түсіну қажет". Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Ол үшін ең алдымен Президент Салық кодексін реттеп, табыс пен мүлікке салық салудың жаңа жүйесін енгізу керектігін айтты. Ол үшін әр кәсіпкер табысын қалтаға баспай, бизнесін дамытуға жұмсауы қажет. Экономика неғұрлым қуатты болса, соғұрлым көп салық түседі деген қағидатты берік ұстану керек, - деді Мемлекет басшысы.