Түркістанда дауыс беруге жастар белсенді қатысып жатыр. Бұл саяси оқиғадан жас жұбайлар да тыс қалмады. Дәл 19-наурызда шаңырақ көтеріп жатқан жас отбасылар қаламыздағы нөмірі 935 сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысты. Тілшіміз Жандос Тастемір жас жұбайлардың өміріндегі қуанышты сәттерінің куәсі болды.