Биыл «Қымыз ішу жоралғысына -70 жыл» толып отыр. Бұл ерекше дәстүр Қазығұрт ауданында әлі күнге дейін сақталған. Жаңабазар ауылының ақсақалдары әр жексенбі сайын қымызханаға жиналып, ұлттық сусынды дәріптейді. Тек қымыз ішіп қана қоймай, елдің жайын қозғап, кеңес құрады. Ауыл азаматтары мерекені кең көлемде атап өтті.