Жаңаөзен қаласында құтқару жұмыстары аяқталып, келген шығын есептеліп жатыр. Ал, жансақтау бөліміндегі 3 науқастың жағдайы әлі де ауыр, - дейді дәрігерлер. Оның біреуі Ақтау қаласындағы ауруханада жатыр. Кеше Жаңаөзендегі 2 науқасқа ота жасалған. Ал травмотология бөліміндегі 3 адамның жағдайы тұрақты. Айта кетсем, кеше Жаңаөзенде тұрғын үйде газ жарылып, 4 адам қаза тапты. 13 тұрғын түрлі дене жарақатын алды.