Билік уәде еткендей осы аптада бензин мен дизельдің бағасы шарықтап шыға келді. Бәріміз білетін АИ-92 бағасы 205 теңгеге жетсе, дизельдік отынның құны тіпті қорқынышты, 300 теңгеге жақындады. Осындай ұрымтал тұсты пайдаланып жанармайды жасанды түрде тапшы деп, бағаны негізсіз өсіретіндер көбейуі мүмкін. Сондықтан Түркістан облысы әкімдігі жағдайды қатаң бақылауға алған. Облыс орталығында жауапты сала мамандары мен жанармай құю бекеттері басшылары жиналып, өзекті мәселелері талқыланды.