Президент сұхбаты арқылы қоғам күткен біраз сұраққа ашық жауап берді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова осылай дейді. Оның сөзінше, әлеуметтік салада қордаланып қалған мәселелер біртіндеп шешіліп келеді.