Түркістан облысындағы ең жаңа аудан Сауранның құрылғанына 3 жыл толды. Осы уақыт аралығында аудан орталығы атанған Шорнақ саябақ тұрмақ, әкімдік отыратын ғимараты жоқ ауыл қалпынан, көз тартарлық елдімекенге айналды. Жаңарған Сауранның қазіргі келбеті жайлы тілшіміз Балым Әлішер баяндайды.