«Фараб» кітапханасында ҚР мәдениет майталманы, кітапхана ісінің ардагері Пернекүл Нәлтаевамен кездесу кеші өтті. «Жаныңда жүр жақсы адам» атты кешке өңіріміздің белді ақын-жазушылары, зиялы қауым өкілдері қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ, облыстық басқарма басшысы Әзімхан Серікұлының алғыс хаты табысталып, сый-сияпат көрсетілді. Мәдени кездесу барысында арнайы жасақталған көрме-инсталляциясы таныстырылып, қонақтар назарына кейіпкер жайлы бейнеролик ұсынылды. Кеш соңында өнер сүйер қауым мен оқырмандар Пернекүл Сейтбекқызына жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын жаудырды.