Қостанай облысында "Республика" партиясы жетекшілерін тыңдауға 1000-нан астам адам келді. Саяси ұйым мүшелері кондитерлік фабриканың қызметкерлерімен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасы мен идеялары айтты. "Республика" партиясы денсаулығында белгілі бір шектеулері бар адамдар физикалық немесе моральдық тұрғыдан кедергілерді сезінбеуі керек деген ұстанымда. Яғни, мүгедек жандардың білім беру, кәсіпкерлік, шығармашылық, спорт және волонтерлік қызметтерде тең мүмкіндіктерге ие болуына сеп боламыз дейді партия белсенділері.