Түркістан облыстық жас туристер станциясы “Жасыл сақшы” атауымен эко көрме ұйымдастырды. Биылғы оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес қорытынды жиын барысында үздік топтар марапатталды. Түркістан облысының тұмса табиғаты мен экологиялық түйткілдерін жас үйірмешілер жоба негізінде қорғады. Жалпы облыстық байқауға 110 оқушы қатысты.