Түркияда жасанды интеллекттің көмегімен толық метражды көркем фильм түсіріле бастады. Әлемде тұңғыш рет қолға алынып отырған бұл жобада фильмнің сценарийінен бастап монтажына дейінгі барлығын тек қана жасанды зерде дайындайды. Фантастикалық жанрдағы «3071» атты фильмінде адамдар мен технология арасындағы қақтығыс туады. Сонда Мете хан, Алпарслан, Фатих Сұлтан Мехмет сияқты тарихи тұлғалар адамзатты алапат соғыстан аман алып қалады. Фильмде Chat GPT, Google Gemini, Microsoft CoPilot сияқты жасанды зерде бағдарламалары қолданылмақ.