Биыл Түркістан облысының кәсіпкерлеріне қолдау күшейеді. Кәсіп бастаймын деген адам қаржыны қайдан аламын деп бас қатырмайды. Өйткені енді өңірде 2,5 пайыздық несие көлемі екі есе ұлғайып, 10 миллион теңгеге жетті. Бұл туралы облыс әкімі орынбасарының қатысуымен өткен мәжілісте айтылды. Онда тағы қандай мәселелер көтерілді? Әріптесім Балым Әлішер айтып берсін.