Облыстық Жастар Ресурстық орталығында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Басты мақсаты - жоғары оқу орындарын жақында аяқтаған жастарды жұмысқа тарту әрі жұмыссыздық деңгейін азайту. Жәрмеңкеге орталықтың 17 аудан мен қаладағы өкілдері келіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жастар ресурстық орталығының өңірдегі филиалдарында 59 жұмыс орны бос екен.