Түркістан облысында кәсіп бастаймын деген азаматтарға 3 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінген. Наурыз айынан бастап кәсіпкерлердің 636 жобасы қабылданды. Бұл жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие жобасы арқылы іске асырлуда. Облыс бойынша ең көп жобалар Қазғұрт ауданынан тіркелген. Аудан жастары 114 жоба ұсынып, оларға жалпы көлемі 546 млн теңге несие мақұлданған. Олардың 80 пайызы мал шаруашылық кәсібін бастаған.