2027 жылға дейін колледж студенттерінің жатақхана мәселесі толық шешіледі. Бұл туралы Мәжілісте кадрлық әлеуетті нығайту тақырыбында өтіп жатқан Үкімет сағатында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді. Қазір елімізде 772 колледжде 565 мың студент білім алып жатыр. Соның ішінде, 70 мыңға жуық студент жатақханаға мұқтаж.