Түркістанда құрылыс қарқыны жоғары. Тұрғын үйлер де тізбектеліп түсіп жатыр. Алайда көпшілікті қала инфрақұрылымына қатысты алаңдататын мәселелер көп. Жаңа қала көшелері кең, көлік жылдам жүйткиді, ал жаяу жүргінші жолақтарының арасы анағұрлым алыс. Бұл тұрғындар наразылығын тудырып отыр. Арнамызға базынасын айтып шағымданған бір топ тұрғын, жақында ғана үлкен жолдың ортасын қоршаумен жауып тастағанына наразы. Айтуларынша жолдың қарсы бетіне өту үшін біршама жерді айналып өту керек. Ал ол ауыр жүкті аялдамаға арқалап келген әжелер мен таңертең тіршілік қамымен жұмысқа асыққандар үшін қолайсыз. Тақырыпты тұрғындар мәселесін тыңдап келген тілшіміз жалғастырсын!