2000 оқушыға арналған мектеп салынуда. Құрылыс барысымен облыс әкімі Дархан Сатыбалды танысты. Өңір басшысы мердігер компания мен жауапты басшыларға жұмысты сапалы атқару керектігін ескертті. Білім ошағын жыл соңына қарай пайдалануға беру көзделіп отыр. Одан кейін, өңір басшысы «Turkestan-Arena» стадионына барып, алаңға жерасты жылыту жүйесін салу жұмысын көрді. Қазіргі таңда кіші коллектор арасындағы жалғау жұмыстары жүргізілді. Енді арнайы құм төселіп, жасыл желек отырғызылады. Өңір басшысы алаңға қатысты құрылыс жұмысын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.