Кентаулықтар бүгінгі желтоқсанның ызғарлы күнін сонау 1986 жылдың желтоқсанын еске алудан бастады. Хантағы ауылы халқы бір құшақ гүлдерімен Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков ескерткішінің алдына жиналды. Олардың арасында қала әкімінің орынбасары, мәслихат депутаттары мен желтоқсан оқиғасына қатысушылар да бар. Олар тарихтың тұңғиығына бойлап, сонау 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күреске шыққан жас боздақтарды еске алды. Тәуелсіздік үшін жанын қиған жастардың көшбасшысы - небәрі 22 жасында ерлікпен қазақ тапқан Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішіне гүл қойып, әруағына құран бағыштады. Сонымен қатар, Қайратпен бір алаңда көтеріліске шыққан желтоқсаншылар оны қимастықпен еске алды.