Биыл «Желтоқсан оқиғасына» 37 жыл. Егемендікті жақындатқан 1986 жылғы қазақ жастарының ерен ерлігі ұмыт қалмай, жас буынға дәріптеліп жатыр. Желтоқсан оқиғасына 20 мыңға жуық жас жиналған. Шеруде 8 500 адам ұсталып, 99 адам сотталды. Тағы 264 студент оқудан шығарылды. Бүгінде батырлар ерлігі ұлықталып келеді. Ал, мектеп қабырғаларында желтоқсаншылармен жүздесу дәстүрге айналған. Кентау қаласында желтоқсан оқиғасына байланысты іс-шара ұйымдастырылды. Оған 25-ке жуық мектеп оқушысы мен 5 желтоқсан оқиғасының куәгерлері қатысты.