Енді кез келген мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің маманы жұмыс істейді. Түлкібас ауданында аталған агенттіктің ұйымдастыруымен комплеанс офицерлерінің басқосуы өтті. Олардың қызметі мекемедегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Жиында сала мамандары мекемелердегі жемқорлықты жою жолдарын талқылады.