Биыл 9 мамырға орай өңірдегі соғыстың барлық қатысушысына біржолғы ақшалай төлемдер берілді. Ол үшін аудандық, қалалық бюджет есебінен 184 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева баспасөз брифингінде баяндады. Нақтырақ айтсақ, облыстағы 11 соғыс ардагеріне 1,5 млн теңгеден үлестіріледі. Одан бөлек, тыл ардагерлеріне, соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген өзге де тұрғындарға материалдық көмек қарастырылған.