Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Оған жеке кәсіпкерді 18 миллион теңге пара беруге итермеледі деген айып тағылып отыр. Қаражат Түркістан қаласында коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін беруге арналған. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдейді. Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.