Жер сілкінісі Қытайдың қазақтар көп тұратын аудандарында қатты сезілген. Көптеген үйлер қирап, жараланған адамдар да бар. Қытай ақпарат құралдарының мәліметінше, жер сілкінісі 23 қаңтар күні сағат 02:09-да Шыңжаңның Ақсу аймағында орналасқан Уши ауданында болған. Табиғат апатынан елдің кей аудандарында электр желілері істен шығып, тұрғын үйлер мен ғимараттар қирап қалды. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. Зілзала ауданына құтқарушылар аттандырылды.