Биыл облыстық бюджетке 83,9 млрд.теңге сомасында кіріс түсіпті. Өткен жылмен салыстырғанда 10,4 млрд.теңгеге артқан. Апталық аппарат отырысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бюджет қаражатын қатаӊ бақылауды талап етті. Облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының мәлімдеуінше кей құрылыс нысандары мердігерлермен келісім шарттың бұзылуына байланысты игерілмеген. Өңір басшысы облыстық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне қаржыны сапалы әрі уақтылы игеру мақсатында заң талаптарына сай шешім қабылдауды тапсырды.