Жетісай аудыныңда «Ауыл аманаты» бойынша 71 кәсіпкердің өтінімі мақұлданған. Оның ішінде 25 өтінім бойынша 118 миллион теңге несие берілді. Жалпы несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары. Жоба аясында кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ өңірде «Еңбек» бағыты бойынша 5 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Одан бөлек 1 мыңға жуық жұмыс орындары ашылды.