Жетісай ауданы әкімі жергілікті тұрғындармен кездесті. Мақсат – атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырып, басқа да мәселелердің шешілу жолдарын бірігіп талқылау. Азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту ісінде қосымша ұсыныс-пікірлерді тыңдау. Аталған басқосуға бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшылары қатысты.