Жетісай ауданында биыл 79 мың гектардан аса жерге егін егілді. Оның 45 мың гектардан астамы мақта. Бүгінде шитті дақылды жинап-теру науқаны қарқынды жүріп жатыр. Нәтижесінде, 117 мың тонна өнім дайын. Енді өңірдегі шикізат шекара асып, Қытайға экспортталмақ. Бұл туралы Аудан әкімі Серік Мамытов облыс орталығында өткен баспасөз жиынында баяндады.