Оңтүстікте көктемгі егіс басталды. Түркістан облысының Жетісай ауданында диқандар жер жыртып, көшет отырғызып үлгерді. Шаруалар күн жылыса бақша дақылдары мен қауын-қарбыз егуге қамданып отыр. Әсіресе соңғы екі жылда мақтаның бағасы арзандап, ақшасын ала алмаған тұрғындар басқа дақылдар егуге көше бастады. Жетісай ауданынының шаруалары ақпан айының жылы болуын пайдаланып, көкөністің ерте өнім беретін көшетін отырғызды. Екі айда пісіп жетілетін қырыққабатқа еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс өте жоғары дейді. АЛМАС АРЫНОВ - ШАРУА