Жетісай ауданында жаңа өндірістік кәсіпорындар ашу қолға алына бастады. Мәселен, Ресей мен Өзбекстандық инвесторлармен жоңышқа грануласын, жібек жіп пен қант өндірістерін құру жобалары пысықталып жатыр. Инвесторлардың біріне өнеркәсіпті дамыту қорынан 7,6 млрд. теңге жеңілдетілген несие қарастырылып, Асық ата кентінен 5 гектар жер бөлінген. Жобаларды жүзеге асыру аудандағы өнеркәсіп саласын дамытып, 2025 жылға дейін 4 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.