Бүгін Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов облыс орталығына арнайы келіп, жыл басынан бері атқарылған істері жайлы БАҚ өкілдеріне баяндады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, өңірге инвестор тартуға ерекше көңіл бөлініп жатқанын жеткізді. Ауданда кәсіпорындарды көбейтумен қатар тағы қандай өзгерістер болмақ? Ол туралы толығырақ баспасөз брифингінде болған әріптесіміз тарқатып айтсын.