19,7 млрд теңге. «Ауыл – аманаты» пилоттық жобасы аясында несие алуға биыл осынша қаражат бөлінді. Бұған облыс әкімінің орынбасарының Жетісай ауданына арнайы іссапармен барып, шаруалармен кездесуі сеп болды. Ермек Кенжеханұлы жазғы суғару кезеңіне дайындық пен ішкі каналдардың жай күйімен танысып, агросаладағы өзекті мәселелерді сала мамандарымен бірге талқылады. Сондай-ақ «Ауыл – аманаты» бойынша несие алуға ниетті азаматтармен тілдесіп, пилоттық жобаның тиімділігін түсіндірді.