Бүгінде жасанды балық өсіру бойынша елімізде көш бастап тұрған Түркістан облысында тауарлы балық өсіруге жарамды 134 өзен-көл бар. Соның ішінде 88-і жергілікті маңызы бар су айдыны балық шаруашылығы мақсатында табиғат пайдаланушыларға берілген. Бұл бағытта Түркістан облысы Жетісай ауданында да ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.